Бос орындарға конкурс жариялау » "Елтінді батыр атындағы орта мектебі" КММ
Жетісу облысы білім басқармасының
Панфилов ауданы білім бөлімінің
"Елтінді батыр атындағы орта мектебі КММ"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72831) 4-50-47
Директор кабинеті:
+7(72831) 4-50-40
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бос орындарға конкурс жариялау
26
сентябрь
2022

Бос орындарға конкурс жариялау

Бос орынға конкурс жариялау
 Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Алмалы ауылы, Елтінді батыр атындағы көше, №56 ғимаратта орналасқан «Елтінді батыр атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекттік мекемесінде   бос тұрған орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі лауазымына Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» № 57 бұйрығының 3- тарауын басшылыққа алып жұмыс жасау негізінде 
КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ 
Облыс: Жетісу облысы
Аудан: Панфилов ауданы
Ауыл атауы:   Алмалы ауылы 
Мекеме атауы: «Елтінді батыр атындағы орта мектеп»КММ 
Орналасқан жері: Алмалы ауылы, Елтінді батыр атындағыкөше №56
Почталық мекенжай: 041308 
Телефон  номері: 8 (72831) 45040
Электронды почта: eltindi@mai.ru
 Лауазым атауы: орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Лауазым сағат саны: 16 сағат жүктеме - 2 орын
Лауазымдық жалақының мөлшері (еңбек өтіліне қарай)  180 000 тг дейін
Конкурсқа қатысу ниет білдірген адам келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жолдай алады:
1.Конкурсқа қатысу үшін өтініш;
2.Жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжаттар;
3.Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен жайымен байланыс телефондары көрсету –бар болса);
4.Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттарының көшірмелері
5.Еңбек қызметін  растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6.«Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау минстрінің  міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы  № ҚР ДСМ -175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімнде № 21579 болып бекітілген);
7.Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8.Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9.Ұлттық біліктілік тестілеу серификаты (бұдан әрі -ҰБТ) немесе педагог модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зертеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік  (болған жағдайда)
10. 11 –қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу  туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күн ішінде жүргізіледі.